Түркістан облысында мектептің кәріз суын арыққа төккен
Ақбай ауылындағы мектептің кәріз суы тікелей арыққа құйылған. Ал адамдар бұл суды тек бау-бақша суару үшін ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық, оның ішінде ауызсу үшін де пайдаланады.
Нәжіс иісі аңқыған лас су мектеп септигінен электр сорғымен арыққа жіберілді. Бұны адамдар телефон камерасына түсірген видео растайды. Ал бұл, тұрғындардың айтуынша, бірінші рет болып отырған оқиға емес.
«Алғашында бақшаны осылай суарамыз деді. Сосын олар бұл жерде каналдан су сорып жатырмыз деп басқаша сылтау айта бастады, сосын мектеп ғимаратында кран ашық қалды, сондықтан толып кетті дейді. Жауапкершілік жоқ», – деп ашуланды Ақбай ауылының тұрғыны Раушан Сайдиназаров.
Арық суын жергілікті тұрғындар бақша суару, егіс алқаптары мен жылыжайларды суару үшін ғана пайдаланбайды. Сонымен қатар киім жууға, ыдыс жууға және тамақ дайындауға да қолданады. Себебі, ауылда ауыз су тапшылығы бар.
«Мұнда көп адам тұрады. Бұның салдары әртүрлі жағдайға алып келуі мүмкін, сонда бірден бұл жерде карантин жариялайды», – дейді Ақбай ауылының тұрғыны Үмітжан Қазақбаев.
Шара қолдануды талап еткен тұрғындар мектеп басшылығына, аудан әкімі мен ауылдық округ басшысына, тіпті білім бөліміне де жүгінген. Олардың әрқайсы бұл мәселенің олардың құзыретінде емес екенін қайталай берген. Сондықтан тұрғындарар Almaty.tv сайтына жүгінген.
Ақпаратты аудандық білім бөліміндегілер растады. Олардың айтуынша, бір оқушы кранды жабуды ұмытып кеткен, соның кесірінен септик толып, қызметкерлер лас суды жақын маңдағы каналға айдауды ұйғарған. Тәртіп бұзушы жазаға тартылып, мектеп директорына сөгіс жарияланды. Мектеп айыппұл төлейді, бірақ бұл шара санитарлық-эпидемиологиялық стансасы тексергеннен кейін ғана қолданылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық