Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды
Осындай шешімді Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты шығарды.
Күдіктіге «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» баптары бойынша айып тағылып отыр. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы заңгер Талғат Есімов әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Түркістанның мамандандырылған тергеу соты бес жасар баланы зорлады, өлтірді деген күдіктіні екі айға қамауға алудың бұлтартпау шарасын санкциялады» деп жазды Есімов.
Сондай-ақ, қайғылы оқиғаның кейбір жайлары сотта жария етілді.
«13 шілдеде сағат 13:30-да күдікті мас күйінде үйіне қайтып келе жатып, 2018 жылы 10 шілдеде туылған баланың жолда ойнап жүргенін көреді. Осы жерде оған арам ой келеді. Күдікті баланы алдап үйіне кіргізіп, кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасайды. Қылмысын жасыру мақсатында асхана пышағымен баланың кеуде және іш тұсынан қасақана бірнеше рет пышақтайды. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмға» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Жібек жолы ауылындағы қорадан көптеген пышақ жарақаттары бар қыздың денесі табылған болатын. Оны өлтіріп, зорлады деген күдікті жақында 48 жасқа толды. Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталған және 10 жыл жазасын өтеген. Биыл да ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған. Ер адам пробациялық бақылауда болған.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарланды. Президент мерзімінен бұрын шығарылған үкімдердің заңдылығына күмән келтіріп, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді тапсырды.
Қайғылы оқиғадан хабардар болған ауыл тұрғындары қылмыскерді өздеріне жазалауға беруді сұраған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық