Түркістан облысында бірнеше қала мен ауылды су басты
Фото: Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті
Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан Кентау, Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Сауран, Ордабасы ауданындағы бірнешене ауылды су басты.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қоғамдық белсенді Олжас Мамыр әлеуметтік желіде Сауран ауданы Абай ауылынан видео таратты. Онда жауын суының көшелерді алып кеткені байқалады.
Департамент дерегінше, жауын суы көшелер мен аулаларға кірген. Үйлердің су басуына жол бермеу амалдары жүріп жатыр.
«Қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруі салдарынан су деңгейі көтерілді, содан кейін еңіспен төмен қарай су тасқыны болды. Соның салдарынан Кентау, Түркістан қаласы және Бәйдібек, Ордабасы, Сауран ауданындағы аулалар мен көшелерді су басты. Су басқан аулалардың саны анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқынына байланысты Сауран ауданындағы кей мектептер онлайн оқуға көшкенін Orda.kz тілшісіне облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы растады. Ал қалған аймақтардағы оқушылардың жайы әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық