Түркістан облысында 11 тас жолды су шайып, ондаған мал өлді
Соңғы екі тәулікте Түркістан облысында қатты жауын-шашынмен еріген қардан су тасып 11 тас жолды шайып кеткен. Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылының 36 бас малы суға батып өлген.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Orda.kz тілшісіне хабарлауынша, судың ағысы азайып, қауіп сейілгенімен Сауран ауданындағы ахуал қатаң бақылауда. Арыс және Кентау қаласынан бөлек су алған ауылдардың саны 21-ге жеткен. 234 үйдің ауласы мен қорасына су кірген. Арыс қаласында бір үй бұзылған. Ордабасы ауданындағы бір мектепке су кіргені анықталған.
«Сауран ауданы мен Кентау қаласында эвакуацияланған адамдардың саны – 204. Олардың 111-і - бала. Қазірге 17 адам үйіне қайтты. Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылында 36 бас мал суға ағып кеткені тіркелді» делінген хабарламада.
Облыстық жол басқармасының мәліметінше, жауын суы облыстық маңызы бар 11 жолды шайып кеткен.
2 ақпанға қараған түні Түркістан облысында қатты жауын-шашын мен қалың қар еріп, бірнеше қала мен ауылдарға су кірген. 3 ақпанға қараған түні су басу қаупінен Шаға ауылының тұрғындары өздерінің айтуымен туыстарының үйіне жеткізілген. Жалпы су алу қаупі бар ауылдардан мыңға жуық мал шығарылған.
Төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб жұмысын жалғастырып жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық