Түркістан облысы Шаға ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді
3 ақпанға қараған түні Түркістан облысы Сауран ауданы Шаға ауылын су басу қаупі туып, екі жүзден аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Майдантал ауылын су басу қаупі сейілді. Облыста жауын тоқтағанымен, су ағыны тоқтамай тұр.
Бүгін аймаққа үкіметтің тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин келіп, жедел кеңес өткізгені хабарланды.

Соңғы ресми деректерге қарағанда, облыстағы Кентау қаласы мен жиырма ауылдағы 234 үйдің ауласы мен 27 көшені су алған.
«Ағын су Сырдарияға құйылып жатыр. Енді тек Түркістан облысындағы жағдайды емес Қызылорда облысын да бақылауға алу қажет» деді министр жедел кеңесте.
Облыстық полиция департаменті су тасқынына байланысты Созақ ауданы арқылы өтетін «Ұланбел-Созақ-Екпінді», Бәйдібек ауданы аумағындағы «Шаян-Шолаққорған» тас жолы жабылғанын хабарлап, өзге жеті ауданда да жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

Су басу қаупінен эвакуацияланған Шаға ауылының тұрғындары өздерінің айтуымен туыстарының үйіне жеткізілген. Жалпы су алу қаупі бар ауылдардан мыңға жуық мал шығарылған.
Төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб жұмысын жалғастырып жатыр. Су басу қаупі туындағанда адамдарды орналастыруға орындар дайындалған.
Ресми мәлімет бойынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
2 ақпан күні Бәйдібек ауданында ағын судың ішінде қалған үш адамның құтқарылғаны хабарланды. Оның бірі - аяғы ауыр әйел, екіншісі – бала. Тұрғындар Созақ ауданындағы Шолаққорғанға алып баратын тас жолдың бойында жеңіл көліктің суға батқаны туралы видео таратты.
Түркістан облысындағы бірнеше ауылды жауын суы басқаны туралы ақпарат 2 ақпанға қараған түні тарады. Қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруінен су деңгейі көтеріліп, ауылдарды басқан. Сауран ауданында 11 мектептің 4 мыңға жуық оқушысы онлайн оқуға жіберілді. 7 балабақша жұмысын уақытша тоқтатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық