Трендтен таяққа: Павлодарда мұғалім оқушыны ұрды
Бейнеден кадр
Павлодарда TikTok-қа тренд түсірем деген оқушы мұғалімнен соққы алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім оқушыны соққыға алған видеосы тарады. Бейнероликте оқушы сабақ үстінде орнынан тұрып, кейін орындықтың үстіне шығып түсініксіз сөздер сөйлеген. Ашуға булыққан мұғалім оқушыны орнына отырғызу үшін кеудесінен ұрған.
Павлодар қаласының білім бөлімінің мәліметінше оқушы достарымен бәстескен. Сабақ үстінде орындық үстіне шығып алып, мұғалімнің ескертуіне қарамастан Тик-Токтағы трендті қайталағысы келген. Салдарынан физика пәнінің мұғалімі оқушыға күш қолданған.
Болған оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі мұғаліммен келісім-шартты бірден бұзғаны хабарланды. Оқушылармен әңгіме жүргізіліп, оқушы тарапынан және оның ата-анасынан ешқандай да шағым жоқ екені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық