Трансгендерлер «Мисс Қазақстан» байқауына қатыса ала ма?
Фото: Алматы коммуникациялар қызметінің видеосынан скриншот
«Мисс Қазақстан» республикалық байқауының финалдық кезеңі Алматы метрополитенінің бекетінде, жер астында өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Байқауға қойылатын талаптар туралы Алматы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Мисс Қазақстан» байқауының директоры Айжан Рузаева мәлімдеді:
«Біз тек сыртқы келбетке емес, харизмаға да мән береміз. Талаптарға келсек, байқауға бойы 165 см-ден асатын, 18 жасқа толған кез келген ару қатыса алады. Байқау толығымен тегін, ешқандай жарна талап етілмейді. Мен бәрін, тіпті трансгендер аруларды да күтемін. Бұл — таңдау еркіндігі. Егер қыз өзін солай сезінсе, демек, ол байқауға қатыса алады. Бәріне құшағымыз ашық. Егер plus-size ару келіп, харизмасымен, сұлулығымен көзге түссе, оны да қарастырамыз. Халықаралық байқаулар баяғыда-ақ 90-60-90 талабын алып тастаған. Біз де сол жолмен келеміз», — деді Рузаева.
БАҚ-та трансгендерлердің «Мисс Қазақстан» байқауына қатысуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін, Рузаева оның сөздері бұрмаланғанын айтты. Бұл жолы ол «трансгендер» сөзін мүлде айтпады.
«Бұл ақпарат контекстен үзіп алынған және мен айтқан сөздің мағынасын бұрмалайды. Қайталап айтамын, байқауға 18 жастан асқан, бойы 165 см-ден кем емес, тұрмыс құрмаған және баласы жоқ қыздар қатыса алады. Тағы да қайталаймын, қыздар!», — деді Рузаева.
Байқауға тек бойдақ және баласы жоқ қыздар ғана қатыса алады. Бұл — байқаудың жалғыз нақты талабы. Ал тұрмыстағы немесе балалы әйелдер үшін «Миссис Қазақстан» сияқты арнайы байқаулар бар.
Финал Алматы метрополитенінде, түнде өтеді.
«Алматы метрополитені — қаланың басты күретамыры. Бұл орын биыл байқау тақырыбымен тікелей байланысты. Тақырып — «Таңдау еркіндігі». Метроға түсу арқылы адам өз жолын таңдайды. Бұрынғы байқаулар мен басшылыққа құрметпен қараймыз. Бірақ біз — жаңамыз, өз жолымызбен келеміз», — деді ол.
Финал 1 желтоқсанда, түнгі сағат 00:00-де басталады. Ұйымдастырушылар байқау метроның жұмысына еш әсер етпейтінін, дайындықтары тек жұмыс істемейтін уақытта өтетінін атап өтті.
Финал жабық өтеді. Метро бекетіне тек арнайы шақыртумен, билетпен, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып (металл іздегіштерден өту арқылы) кіруге болады.
Қонақтар саны — 90 адамнан аспайды. Олардың қатарында сарапшылар, журналистер, блогерлер мен танымал тұлғалар болады. Байқауды онлайн трансляциялар мен телеарналар арқылы бүкіл көрермен тамашалай алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық