Трамптың кесірінен: Франция НАТО-дан шығу мәселесін қарастыра бастады
Фото: Elements.envato.com
Франция Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Клеманс Гетте Францияның НАТО құрамынан шығуы туралы резолюция жобасын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Orda.kz РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Геттенің айтуынша, резолюцияны әзірлеуге АҚШ-тың сыртқы саясаты себеп болған. Себебі Солтүстік Атлантикалық альянсты іс жүзінде Америка Құрама Штаттары басқарып отыр. Ол бұл туралы бірнеше себепті атап өтті: АҚШ тарапынан Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындау, Палестинадағы «геноцидті» қолдау, сондай-ақ Гренландияны аннексиялау жөніндегі қоқан-лоққылар.
«Бұрын-соңды болмаған деңгейде АҚШ басқарып, соның мүддесіне қызмет ететін әскери альянс — Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымына Францияның қатысуы мәселесі көтеріліп отыр. Мен НАТО-дан, ең алдымен оның біріккен қолбасшылық құрылымынан шығуды көздейтін резолюция жобасын ұсынып отырмын» деп жазды Гетте әлеуметтік желілерде.
Сенбіге қараған түні Каракаста жарылыс болды. Осыдан кейін Трамп АҚШ ауқымды соққылар жасағанын, ал Венесуэла президенті Николас Мадуроның жұбайымен бірге тұтқындалып, елден әкетілгенін мәлімдеген болатын.
Еске салсақ, республикалық конгрессмен Томас Месси былтыр желтоқсан айының соңында Америка Құрама Штаттарының НАТО-дан шығуы туралы Заң жобасын Конгресске енгізген болатын.
2025 жылдың 9 мамырында Украинаның қауіпсіздік қызметі Венгрия билігіне қызмет еткен шпиондық желіні ашқанын жариялады. Сонымен қатар, Reuters ақпараты бойынша Украинаның қауіпсіздік қызметі Венгрияның әскери барлауына Украинаның қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйі туралы ақпарат берген деген екі күдіктіні ұстады. Бұл тарихта Венгрия арнайы қызметінің Украинаға қарсы жұмыс істеген алғашқы оқиғасы.
Тақырыпа қатысты оқыңыз:
- Вашингтонда НАТО-ға қарсы шеру өтті
- «НАТО-ға қарсы әрекет етті»: Польшада Қазақстан азаматы ұсталды
- АҚШ Украинаны соғыс аяқталмайынша НАТО-ға қабылдағысы келмейді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық