Трамп Зеленскиймен екінші кездесуден бас тартып, Ватиканнан кетіп қалды
Фото: Дональд Трамптың Facebook парақшасынан
26 сәуірде өтеді деп күтілген Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ватикандағы екінші кездесуі болған жоқ, себебі Трамп мен оның жұбайы Рим Папасы Францискті жерлегеннен кейін тез арада Римден кетіп, АҚШ-қа оралды. Бұл туралы РБК-Украина дереккөзіне сілтеме жасай отырып Orda.kz хабарлайды.
Украиндық басылымның дереккөзі атап өткендей, Зеленский мен Трамптың кездесуі жалғаспады.
«Бірақ олар ең бастысын талқылады», деп мәлімдеді дереккөз.
Дереккөздің айтуынша, кездесудің жалғаспады, себебі АҚШ президенті өзінің кестесін Папа Францискті жерлеу рәсімінен кейін бірден кететіндей етіп жоспарлаған.
Британдық Sky News телеарнасы Трамптың Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездесіп, кейін Фьюмичино әуежайына барғанын хабарлады. Телеарна әуежайдан Трамп пен оның жұбайы Меланияның суретін жариялады.
Сенбі, 26 сәуір күні Зеленский мен Трамп Рим Папасы Францискпен қоштасу рәсімі алдында Ватиканның Әулие Петр Базиликасында көзбе-көз кездесті. АҚШ пен Украина президенттері «бір сәттік келіссөз» жүргізіп, талқылауды рәсімнен кейін жалғастыруға келіскен болатын.
Зеленский аза тұту рәсімінен кейін Франция президенті Эммануэль Макронмен, сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бетпе-бет кездесу өткізді. Тараптар оқ атуды толық тоқтату және қауіпсіздіктің одан әрі кепілдіктерін әзірлеу қадамдарын талқылады.
Владимир Путин мен Американың арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуінен кейін Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі мүмкін келісімнің көптеген ережелері келісілгенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді