Трамп Үшінші дүниежүзілік соғыс үш айдан кейін басталуы мүмкін деп болжады
Фото:Marco Bello/Reuters
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп қазіргі америкалық үкіметтің әрекетіне байланысты жаһандық ауқымдағы ықтимал әскери қақтығыс туралы қауіптенетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл пікірін ол RSBN YouTube арнасында көрсетілген Калифорниядағы үгіт-насихат жиынында сөйлеген кезінде айтты.
Трамп үшінші дүниежүзілік соғысқа жол берді деп қазіргі АҚШ президенті Джо Байденді айыптап, оның басшылығы кезінде қақтығыс үш айдан кейін басталуы мүмкін екенін атап өтті.
«Алдағы үш-төрт айда үкіметтегі адамдардың кесірінен дүниежүзілік соғыс отын тұтатып аламыз ба, деп алаңдаймын», - деді ол.
Бұған дейін Трамптың президенттің қауіпсіздік қызметі мен әскери ұшақ талап еткені хабарланған болатын. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден қауіпсіздік үшін қажет нәрсенің бәрін пайдалатынын айтты.
Елде президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Демократиялық партияны АҚШ-тың қазіргі көшбасшысы Джо Байден ұсынады деп болжанған, бірақ Республикалық партияның кандидаты болған Трамппен маусым айындағы пікірсайыстағы «өнерінен» кейін ол сайлаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Чикагода өтіп жатқан Демократиялық партия конгресінің делегаттары АҚШ президенттігіне ресми түрде кандидат ретінде елдің вице-президенті Камала Харристі бекітті.
Жаңалықтар
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды