Трамп Украина туралы: мен президент болсам, бұның бірі де болмас еді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп АҚШ консервативтік конференциясында жақтастары алдында сөз сөйледі. Ол Украинадағы жағдайға тоқталып, президенттер мен саясаткерлерге қатысты пікірін білдірді.
АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдай ешқашан болмауы керек еді, деп мәлімдегенін келтіреді Newsmax.
Оның айтуынша, Еуропада үлкен соғыс басталуы мүмкін, ал Джо Байден «тыныштықты хаосқа, тұрақтылықты анархияға, қауіпсіздікті апатқа айналдырды».
— Барлығы түсінгендей, егер біздің сайлауымыз бұрмаланбаса, мен президент болсам, бұл сұмдық апат ешқашан болмас еді. Буш тұсында Ресей Грузияға басып кірді. Обама тұсында Ресей Қырымды басып алды. Байден кезінде Ресей Украинаға басып кірді. Мен 21 ғасырда Ресейді басқа елге басып кіргізбеген жалғыз президентпін, - деді Трамп.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Путин туралы пікірін айтты. Трамп Ресей президенті «Байденді және басқа да ақымақ әлемдік көшбасшыларды алдаа соқты» деп атап өтті. Трамптың айтуынша, Путин Батыстың санкцияларынан қорықпайды, сонымен қатар ол Владимир Зеленскийді батыл адам деп атады.
— Сіз Америка тарихындағы ең нашар бес президентті алып, олардың ісін біріктіріңіз, сонда да олар Джо Байден әкімшілігі небәрі 13 айда келтірген зиянды келтірмеген еді, - деді Дональд Трамп.
Бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путиннің өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне қатысты пікір білдірген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық