Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғысқа украиндықтарды кінәлап, ақшаның есебін сұрады
Фото: Эрик Трамп
Президент Трамп АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерге пікір білдірді. Ол Украина басшыларын айыптап, Владимир Зеленский «соғысты бастамауы керек еді» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттік науқан кезінде Трамп соғысты тоқтатуға уәде бергенін еске алды. Ол АҚШ пен Ресейдің ресми өкілдері кездесуінен кейін Украина өкілдерінің қатысуынсыз сөз сөйледі.
«Менің ойымша, бұл соғысты тоқтатуға мүмкіндігім бар. Бұл өте жақсы жүріп жатыр. Бірақ бүгін мен Украина тарапынан «біз шақырылмадық» деген сөз естідім. Олар соғысқалы үш жыл болды. Олар бұл соғысты үш жыл ішінде аяқтауы керек еді. Олар соғысты бастамауы керек еді. Соғыс болмағанда бірде-бір адам өлмейтін еді, бірде-бір қала қиратылмайтын және бірде-бір күмбез бұзылмайтын еді. Бірақ олар кері шешім қабылдады», — деді Трамп.
Трамптың айтуынша, Украина соғыс мәселесін бұдан бұрын шешіп тастауға мүмкіндігі бар болған. АҚШ президенті соғыстың әлі күнге дейін жалғасып жатқанына Киевті кінәлады. Әрі АҚШ олардан көмек ретінде бөлген ақшаны қайда жұмсағаны туралы есепті талап етті.
«Украина ақша төлеуге немесе ақшаның қайда кеткенін айтуға мәжбүр», – деді Дональд Трамп.
Трамп сонымен қатар АҚШ пен Ресей Федерациясының Эр-Риядтағы келіссөздерінен кейін Украинадағы қақтығысты реттеу туралы келісімге қол жеткізетініне «әлдеқайда сенімді» болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық