Трамп тұтқындарды азаптаумен аты шыққан түрмеге мигранттарды орналастырмақшы
Фото: DALL-E нейрожелісі
Кеше, 29 қаңтар күні Дональд Трамп меморандумға қол қойды. Ол федералды үкіметке Гуантанамо әскери базасын АҚШ-тан шығарылған 30 мың мигрантты орналастыру үшін дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұтқындарды азаптаумен танымал болған түрмеде бұрыннан мигранттарды ұстау орталығы бар.
«Біз жай ғана қолданыстағы көші-қон орталықтарын кеңейтеміз», - дейді Трамп әкімшілігінің шекара қауіпсіздігі жөніндегі кураторы Том Хоман.
Гуантанамо әскери базасына баратын 30 мың мигранттың арасында қазақстандықтардың баратын бармайтыны әзірге белгісіз.
АҚШ әскери базасы Кубада орналасқан. АҚШ бұл аумақты 1903 жылдан бері жалға алып келеді. Қазіргі таңда Куба басшылығы базадағы іс-әрекеттерге қарсы және олар Трамптың бастамасын сынға алды.
«АҚШ үкіметі Кубадағы заңсыз басып алған аумағына мыңдаған мигранттарды мәжбүрлеп жібермекші» деп жазды Куба президенті Мигель Диас-Канель.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық