Трамп тағы да Нобель сыйлығына ұсынылды
Фото: Marco Bello/ Reuters
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына қайта ұсынылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сенатор Кэти Бритт Fox News арнасындағы Hannity бағдарламасында Дональд Трамптың «бейбітшілік орнатудағы күш-жігерін» жоғары бағалап, оны Нобель сыйлығына лайық деп мәлімдеді. Бұл пікір Трамп Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату жөнінде келісімге келгенін жариялағаннан кейін айтылды.
«Президент Трамп Нобельдің бейбітшілік сыйлығын алады, бұған еш күмән жоқ! Оның Конго мен Руандада, Пәкістан мен Үндістан арасындағы және енді міне, Таяу Шығыстағы әрекеттеріне назар салыңыз. Ол бұл өңірлерге тұрақтылық пен бейбіт өмір алып келді», – деді сенатор Бритт.
Сонымен қатар, Нобель комитетіне жолданған ресми хатта Трамптың Иранның ядролық амбицияларын тоқтатуға және бұл елдің ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған батыл әрекеттері ерекше аталған.
«Президент Трамп осыған дейін мүмкін емес деп саналатын келісімнің жылдам жасалуына ықпал етті. Ол Иранның ядролық ниетін тоқтатып, бұл елдің жойқын қаруға қол жеткізуіне жол бермеу үшін батыл әрі нақты қадамдарға барды» деп жазды конгрессмен Нобель комитетіне жолдаған хатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық