Трамп: тәліптер Ресей мен Қытайға американдық қару-жарақ сатып жатыр
Трамп тәліптер Ауғанстанда қалған американдық қару-жарақты Ресей мен Қытайға сататынын мәлімдеді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ауғанстанда 700 мыңға жуық қару мен 70 мың АҚШ-та жасалған атыс құралдарының қалғанын мәлімдеді. Экс-президенттің айтуынша, тәліптер Америкада жасалған қару-жарақтарды, соның ішінде Apache тікұшақтарын басқа елдерге сатуда. Бұл нұсқаны ол Вашингтонның шетінде өткен АҚШ Республикалық партиясы консервативтік топтарының жыл сайынғы конференциясында жариялады.
— Жақында мен ауған тәліптері қару-жарақ сату бойынша әлемдегі екінші орында екенін оқыдым. Өйткені олар біздің бергенімізді сатып жатыр. Олар біз берген керемет, жаңа жабдықтардың бәрін сатады. Apache тікұшақтары, олар әлемдегі ең жақсысы. Оның біреуін Ресейге, бірін Қытайға берді. Олар оны бөлшектеп, көшіріп алады. Енді олар оны да жасап шығарады, өйткені олар өте ақылды, - деді экс-президент.
Оның пікірінше, америкалық күштер Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін бұл елде қазір Ресей мен Қытайға сатылып жатқан керемет көлемдегі қару-жарақтар қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық