Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді
Фото: kremlin.ru мұрағатынан
Жұма күні Air Force One бортында New York Post басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату үшін онымен келіссөздер жүргізуге тырысқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамп Путинмен қанша рет сөйлескенін айтпады, бірақ ол Ресей президентінің ұрыс даласындағы құрбандарға «жанашырлық танытатынына» және «адамзат өлімінің тоқтағанын қалайтынына» сенімді.
«Қаншама адам қайтыс болды. Өрімдей жас, әдемі адамдар. Олар да сіздің балаларыңыз сияқты, екі миллион адам қырылды, бұның бәрі бекер», - деді Трамп.
АҚШ президенті егер ол 2022 жылы президент болған болса, үш жылға созылған осы соғыс «еш басталмас еді», деп мәлімдеді.
«Мен Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдым. (...) Байден біздің елдің мазағы болды. Абсолютті масқара», - деді ол.
Трамп соғысты тоқтатудың нақты жоспары бар екенін айтып, «бұл тез шешіледі» деген үмітін білдірді.
АҚШ президенті жұма күні кешке Air Force One бортындағы кеңсесінде оған қосылатын ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолцке сөйлеген сөзінде де осыны айтты.
«Адамдар күн сайын өліп жатыр. Украинадағы бұл соғыс өте қорқынышты. Мен осы қарғыс атқан қақтығысты тоқтатқым келеді. Осы кездесулерді ұйымдастырайық. Олар кездескісі келеді. Күн сайын адамдар қырылып жатыр. Жас, әдемі сарбаздар өліп кетіп жатыр. Менің ұлдарым сияқты жап-жас жігіттер. Екі жақтан да. Бүкіл майдан даласында», - деді ол Уолцке.
Вице-президент Джей Ди Вэнс Вэнс келесі аптада Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.
7 ақпанда АҚШ президенті Зеленскиймен келесі аптада сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты. Трамп бұған дейін «қызметке кіріскеннен кейін 24 сағат ішінде» қақтығысты тоқтата алатынын жариялаған болатын.
Инаугурация қарсаңында Дональд Трамп өз командасына Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуге дайындықты бастауды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық