Трамп порножұлдызға қатысты төлемдер ісінде жазадан құтылды
Фото: Facebook / ДональдТрамп
Манхэттендегі қылмыстық сот Нью-Йоркте АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампты порножұлдыз Сторми Дэниелске жасалған төлемдерге байланысты резонанстық іс бойынша жазадан босатты, – деп хабарлайды Orda.kz.
NBC арнасынның мәліметінше, Судья Хуан Мерчан Трампқа қатысты барлық 34 айыптау тармағы бойынша «шартсыз босату» туралы шешім шығарды. Бұл шешім Трамптың кінәсі дәлелденгенімен, оған айыппұл немесе түрме жазасын тағайындау дұрыс емес деп танылғанын білдіреді.
«Екінші президенттік мерзіміңізге сәттілік тілеймін», – деді судья үкім шығарған кезде.
Трамп сот отырысына адвокатымен бірге бейнебайланыс арқылы қатысты.
Трампқа тағылған айыптар саясаткермен болжамды байланысы туралы үндемеу үшін Дэниелске 130 мың доллар төлеуге қатысты болды.
Дональд Трамп – АҚШ тарихында қылмыстық айып тағылған алғашқы экс-президент. Оған қарсы төрт қылмыстық іс қозғалған болатын. Бизнес есептерін бұрмалау ісінен бөлек, Трампқа құжаттарды дұрыс сақтамау, 2020 жылғы президенттік сайлауға араласу әрекеті және билікті күшпен басып алуға талпыну (2021 жылғы қаңтардағы Капитолийді басып алу) бойынша істер қозғалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық