Трамп палестиналықтарды Газадан көшірмекші
Фото: AP Photo/Evan Vucci
Президент Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қабылдады. Олар Газа тұрғындарының болашағы туралы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамп Нетаньяхумен келіссөздер алдында журналистерге палестиналықтарды Газадан зорлық-зомбылықтан қорықпай өмір сүре алатын жерге көшіруге ниетті екенін айтқан. Трамп Биньямин Нетаньяхуге өзінің командасымен Газа тұрғындарын Иорданияға, Египетке көшіру туралы мәселені қарастырып жатқанын айтты.
«Иордания мен Египет келіспегенін білемін. Бірақ, оларды басқа елдер де қабылдайды деп ойлаймын. Газа секторы қирандыға айналған. Қарасаңыз тұруға жарамды ғимарат жоқ. Онда тұру қазір мүмкін емес. Оларға басқа жер керек», - деді Трамп.
АҚШ президенті газалықтардың жағдайын жақсартуды қалайды.
«Менің газалықтар туралы ойым көпшіліктікімен бірдей. Менің ойымша, оларға жақсы өмір сүру үшін жаңа жер беру керек. Газаны дамыту үшін ақша беретін адамдарды табу керек», — деді Трамп.
Сонымен қатар Дональд Трамп Газа секторын қару-жарақтан тазартып, оны қалпына келтіретінін мәлімдеді. Жаңа тұрғын үй нысандарын салып, жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық