Трамп: Камала Харрис сайланса – дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп сенбі күні қараша айында өтетін сайлаудағы басты қарсыласы әрі қазіргі вице-президент Камала Харристі көпшілік алдында сынап, оны «IQ деңгейі төмен» деп атады, деп хабарлайды Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Бұл арада IQ деңгейі жоғары адамдар бар, менің қарсыласымның IQ деңгейі төмен, мен ер адам туралы емес, әйел адам жайында айтып отырмын», - деді Трамп Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байден мен оның вице-президенті Камала Харристі меңзеп.
Саясаткердің айтуынша, Камала Харрис сайлауда жеңіске жетсе, дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін. Себебі, Демократиялық партияның кандидаты Таяу Шығыс мәселелерін «нашар» түсінеді, деді Трамп.
«Харристің сайлануы... Газа секторындағы израильдік шайқастардың ауқымды аймақтық қақтығысқа ұласуына себеп болады», - деді Трамп.
Ол сондай-ақ 2020 жылғы дауыс беру кезеңінде демократтардың айла-амалдарын ескере отырып, оның сайлауда жеңіліп қалу ықтималдығын жоққа шығармады, нәтижесінде Джо Байден Ақ үйдің басшысы болды және Трамп қайта сайлана алмады.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл