Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
Фото: Ақ үй
Дональд Трамп Иранмен 5 күндік уақытша бітім жариялады. Бұған дейін Тегеран Ормуз бұғазын толық жабатынын ескерткен еді, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруге уақытша мораторий енгізеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, соңғы екі күнде тараптар «өте жақсы және нәтижелі» кездесу өткізген.
«Мен Қорғаныс министрлігіне Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына кез келген әскери соққыларды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырдым» деп жазды Трамп.
Трамп тараптар толықтай атысты тоқтату мүмкіндігін де талқылап жатқанын мәлімдеді.
Бірақ Иран тарабы Трамптың сөзін жоққа шығарып, АҚШ-пен келіссөздер жүріп жатыр деген мәлімдемелерді растамады.
23 наурызда Иран АҚШ құрлық операциясын бастауға әрекеттенсе, Парсы шығанағын толықтай миналап тастайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Axios дереккөздері Трамптың Харк аралын бақылауға алу мүмкіндігін «байыпты түрде» қарастырып жатқанын хабарлаған. БАҚ мәліметінше, АҚШ бұл аймаққа қосымша әскери күштерді жедел түрде жібере бастаған.
Оқи отырыңыз:
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық