Трамп АҚШ президенттігіне дайындалуда
Трамп қазірдің өзінде Америка Құрама Штаттарының президенті болуға дайындалуда - ол Байденнің барлық қылмыстарын жариялайтынын мәлімдеді.
АҚШ-тың экс-президенті ендігі жолы президентікке қолы жеткен кезде қазіргі мемлекет басшысы мен оның отбасының барлық қылмыстары бойынша тергеуді бастайтынын айтты.
Дональд Трамп, егер өзі Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайланса, болашаққа арналған жоспарлары бар екенімен бөлісті. Ол қазіргі президент Джо Байден мен оның отбасына қатысты мәлімдемелер мен әрекеттерді зерттеуді қашан және кімге тапсыратын жоспарын алдын ала дайындап қойыпты.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Трамп Оңтүстік Каролинадағы Республикалық партия жақтастары іс-шарасында өз жоспарымен бөліскен. Онда ол мемлекет басшысы лауазымына қайта сайланған жағдайда, қазіргі америкалық көшбасшының барлық ықтимал құқық бұзушылықтары бойынша тергеуді дереу бастайтынын айтты.
«(Америка Құрама Штаттарының Президенті ретінде) бірінші күні мен (Құқық министрлігі) Арнайы кеңесшіге АҚШ Конгресіндегі барлық абыройсыз әрекеттерге, соның ішінде Қытайдан және көптеген басқа елдерден пара алуға қатысты айтылған көптеген айыптаулардың әрқайсысын тексеруді тапсырамын. Ол ақшалар Байденнің қылмыскер отбасына тікелей түсті», - дейді Трамп.
Айта кетейік, қазір Трамптың өзіне үш қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Әңгіме бұрын актриса болған Сторми Дэниэлске төленген қаржы, құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ 2020 жылғы сайлауда билікті сақтап қалудағы заңсыз әрекеттері туралы болып отыр.
Бұған қоса, Джорджиядағы үлкен қазылар алқасы мемлекеттік шенеуніктерге дауыс беруді түзетуге қысым жасағаны үшін оған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғау туралы мәселені тамыз айында шешеді. Трамптың өзі үш қылмыстық айып бойынша кінәлі деп танылса, ол жалпы 561 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
АҚШ-тың келесі президенттік сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді. Джо Байден ең жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайлануға ұмтылатынын айтты. Трамп 2022 жылдың қарашасында келесі президенттік сайлауға түсетінін жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық