Трамп: Әлемде менен басқа Путинді тоқтата алатын ешкім жоқ
Фото: virtualbrest.ru
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғыстың одан әрі өршуіне тосқауыл қою әрекеттері «бақылауда» екенін айтты. Бұл туралы ол Outkick порталының журналисі Клэй Трэвиске берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен «жақсы» қарым-қатынасы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келіссөздердің кілті екенін атап өтті.
«Мұны (соғысты) тоқтата алатын болсам, тамаша болар еді. Дегенмен менен басқа ешкім оған бара алмады. Ешкім. Нөл», - деді Трамп.
Трамп Путинді «өте жақсы» білетінін қайталап, Путиннің Трамп президенттігі кезінде ешқайда басып кірмегенін еске салды.
«Мен президент болған кезде Путин ешқайда басып кірген жоқ. Ол Қырымды алды, Грузияны алды, ол кезде Буш президент болды, Обама президент болды, ол бәрін тартып алуға тырысты... Менің ойымша, әлемде меннен басқа оны тоқтата алатын ешкім жоқ, мен оны тоқтата аламын деп үміттенемін», - деді Трамп.
Өткен аптада Трамп алдымен Путинмен, сосын Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
«Біз өте ұтымды пікірталас өткіздік, мен тек адам өлімі тоқтағанын қалаймын. Олар аптасына 2500 кішкене балаларынан айырылып жатыр, ал бұл орыстар мен украиндар», - деп қосты Ақ үй басшысы.
Трамппен сұхбатында Путин 30 күндік бітім кезінде Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуылды тоқтатуға келісті, бірақ толық атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдамады.
Зеленский өз кезегінде энергетикалық нысандарға шабуылды өзара тоқтатуға келісті. Сонымен бірге ол Киевтің Ресейдің соққыларына кері жауап болатынын баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық