«Төртінші әйелі екенмін»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы шындықты айтты
Фото: \"Мамский әңгіме\"
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова «Мамский әңгіме» Youtube-арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды Orda.kz ақпарат порталы.
Сұхбат барысында Мөлдір Әуелбекова намазға қалай келгенін, кімнің себеп болғанын айтты.
«Әрине, бұндай дүниелер айтылмайды. Дегенмен, бөлісейін. Намазға келгеніме 9 жыл болды, себепкер әкем еді. Үйдегілердің бәрі намазхан кісілер. Мен біздің жанұядағы намазға соңғы келгендердің қатарындамын. Ойлаңызшы, талай жыл өнерде жүріп намазға келу өте қиын еді. Әкем де «Қашан намазға жығыласың, ол парыз ғой» деп сұрайтын. Мен сол кезде әкеме уәде бергем: «Алла қаласа тұрмысқа шығам. Қалай шығам, бірден жығылам» дедім. 12 желтоқсан тойымыз болды, қаңтардан бастап бірден намазға жығылдым. Күнделікті намаздың қалай оқылатынын көріп жүрген соң оқу оңай болды. Өз ортамда намаз оқитынымды ешкім білмейтін. Өйткені, мен солай болу керек деп ойладым. Қазір барып намаз оқып келейін, тоқтаңдар!» демей, үндемей «бізде 5 минут уақыт бар ма? Қазір келемін. Күте тұрыңыздаршы» деп намазымды оқып келетін едім. Ол кезде көпшілік білмеген соң, орамал таққан кезде ғана намазға келді деп ойлады. Өйткені, орамалды жасыра алмайсың» деді әнші.
Мөлдір Әуелбекова орамалға 5 жыл нәпсісімен күресіп келгенін айтты.
«Орамалды мен екінші рет тұрмысқа шыққан кезде тақтым. Орамалға келуге ұзақ уақыт дайындалдым. 5 жыл нәпсіммен күресіп, соңында орамалға келдім. Орамал тақсам, өнер саласындағы жетістіктерім тоқтап, телевидениеге жол жабылатынын білдім. Ешқандай жерге шақырмайтынын да қабылдадым» деп бөлісті Әуелбекова.
Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шыққан соң, осы уақытқа дейінгі ойы өзгергенін де айтты.
«Намаз оқитын адамдар: адал, қиянат жасамайды деп ойлайтынмын. Бірақ, екінші некем маған арғы бетін көрсетті. Менің түйген ойымды жоққа шығарды. Екінші рет тұрмысқа шығатынымды білдім. Менің бірінші талабым - намазхан болу керек. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Намазхан жігіт қиянат жасамайды деп ойладым. Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар, тәтті қызым бар. Алладан дұға тілеп, иманымды күшейтетін, иман жолында жүретін жан сұрадым. Мен күйеуімнің артында тұрып, намаз оқуды армандайтынмын. Бірінші некемде ол арманым орындалмады» деді ол.
Әнші бір адам жеңгетайлық жасап, екінші жолдасымен қалай танысқаны туралы айтты.
«20 жыл араласқан адам жеңгетайлық жасап, таныстырды. Оған сенім арттым. Бір апта сөйлестік. Ораза кезі, бірінші ораза күні хабарласты. Намазхан, қажы. Бәрі сәйкес келді. Сырға салып, баламмен бірге алып кетті. Мені баурап алғаны - балам оны бірден әке деді. Өте балажанды. Бірақ, қызым ішімде болған кезде, мен ол кісіден кетіп қалдым. Танымай, шариғат заңы бойынша күйеуге шықтым. Ақымақтық-қой. Қысқаша айтқанда, мен оның төртінші әйелі екенмін» деп түйіндеді әнші.
Өміріндегі осындай сәтсіз оқиғадан кейін Мөлдір Әуебекова сиуцидке де бармақ болған.
«Содан күйзеліске түстім. Күйеуім өзінің отбасы мен бала-шағасына кетіп қалатын, ал мен баламмен жалғыз қалдым. Әке-шешемді жерге қараттым деп ойладым. Тіпті, суицидке баруға да қадам жасадым. 16-қабаттан секіріп кеткім келді. Үйге «Назар» тобымдағы Еркежан келіп қалып, ойымды бөліп жіберді. Заңды неке болмады. Мұның бәрін не үшін айтып жатырмын, басқа қыздарға да сабақ болсын деп жасырмай айтып отырмын» деді әнші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық