«Төрт күндік тергеу»: Дуров француз билігінің айыптауына жауап қатты
Фото: Manuel Blondeau/Corbis
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда өзіне тағылған айыптар туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлады Orda.kz.
Павел Дуровты Парижде полиция төрт күн бойы тергеді. Дуров француз билігінің әрекетіне таңданыс білдіріп, Telegram-ның Еуропалық Одақта ресми өкілі бар екенін және ресми сұрауларға жауап беруге әрдайым дайын екенін атап өтті.
Дуров өзінің telegram арнасында компанияның әрдайым диалогқа ашық екенін және реттеуші органдармен ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Алайда принциптерін бұзатын нарықтан кетуге дайын екенін де ескертті. Мысал ретінде ол Ресейге шифрлау кілттерін беруден бас тартуын және Ирандағы наразылық білдірушілерді қолдағаны үшін Telegram-ның бұл елде бұғатталғанын мәлімдеді.
Соңында Telegram негізін қалаушы компанияның қылмыспен күресу үшін қосымша шаралар қабылдайтынын, бірақ олардың басты мақсаты — пайда емес, адам құқықтарын қорғау екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Orda.kz Ресей, Франция және Қазақстан билігі мен Дуровтың арасы жайлы саралап көрген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық