Тоқберген Әбиев ұсталды
Блогер Тоқберген Әбиев 50 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Т. Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекеттің жолын кесті. 2022 ж. 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті» ЖШС-н жеке заңды тіркегені анықталды.
Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасаған. Сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап еткен. Әбиев тек өзіне-өзі қызмет етуді көздей отырып, ақшалай сыйақы үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін көрсетіп, оларды билік өкілінің мәртебесі турасында жаңылыстырды.
Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі. Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.
14 желтоқсанда Әбиевтің 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталғаны атап өтілген. Сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық