Тоқаевтың ұлықтау рәсімінен кейінгі ресми сапарлары
Ұлықтау рәсімінен кейін 2022 жылдың 28 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мәскеуде мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Ақорданың тelegram-арнасында атап көрсетілгендей, екі ел басшылары бейнебайланыс арқылы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумының жұмысына да қатысады.
Сонымен қатар, 29-30 қарашада Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр, оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективалары талқыланады» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының француздық іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізетіні хабарланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы 2022 жылдың 26 қарашасында өтеді. Қазақстандықтар ұлықтау рәсімін Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де тікелей эфирде республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық