Тоқаев жездесін лауазымды қызметінде қалдырды
5 маусымда өткен референдумда қабылданған өзгерістер бойынша президенттің жақын туыстары басшылық қызметтерді атқара алмайды. Референдумға дейін әділет министрі, Тоқаевтың әпкесінің күйеуі Теміртай Ізбастин елші қызметінен кетуі керек екенін еске салған. Дегенмен араға үш ай салып, министр Ізбастинді танымайтынын мәлімдеді.
Азаттық радиосының хабарлауынша, референдум қарсаңында өткен брифингте әділет министрі Қанат Мусин өзгерістер қабылдана салысымен Теміртай Ізбастиннің Болгариядағы Қазақстанның өкілетті елшісі қызметінен кетуі керек екенін алға тартқан.
«Мұндай тыйым енгізілген соң, заң аясында бірден жүзеге асырылады. Ол бұл қызметті босатады, себебі заң жүзінде бұл қызметті атқара алмайды» деді Қанат Мусин.
Референдумнан кейін үш ай өткенімен, Тоқаевтың әпкесінің күйеуі әлі де елші қызметінен кетпеген. Бұл туралы журналистің сұрағына жауап берген Қанат Мусин бұл жолы Ізбастинді танымайтынын мәлімдеді.
«Лауазымдарын босататын туыстардың тізімі бар заңда. Сол бапқа сүйеніп, жүзеге асады. Мен Ізбастинді білмеймін. Туыстығына байланысты, заңда барлығы көрсетілген» деді Мусин.
Еске салсақ, Тоқаевтың жездесі Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясын 2009 жылдан басқарып келеді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланған соң Ізбастин елші қызметіне тағайындалған.
Ал президенттің немере інісі Теміртай Ізбастиннің ұлы Бекет Ізбастин PSA компаниясында директор қызметін атқарады. Бұл – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы. Сәйкесінше квазимемлекеттік сектор болып саналады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық