Тоқаевтың бұйрығымен бірқатар судьялар орындарын босатты
Астана, Алматы және екі облыс соттарында кадрлық өзгерістер болды. Бұл ретте екі судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.
«Алматы қаласы бойынша: Бостандық ауданының № 2 аудандық сотының судьясы – Сырлыбаев Қанат Қадірұлына сот алқасының қаулысымен судьяны тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылсын;
Қызылорда облысы бойынша: мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Бекмамбетов Ғалымжан Вахитұлына тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы Сот алқасы шешімімен босатылсын» делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Қостанай облысы облыстық сотының төрағасы Смолин Анатолий Сергеевич те (отставкаға кетуіне байланысты) қызметінен босатылды. Астана қаласында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қабиденова Динара Хакімқызы бұйрықпен (басқа жұмысқа ауысуына байланысты) және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әлхожаев Қыдырбек Қорғанбекұлы (қайтыс болуына байланысты) қызметінен босатылды.
Осы ретте Тоқаев Марлен Мәлімгерейұлы Бекетовты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметіне және Ақтөбе сотының судьясы ретінде – Омарова Марал Мырзахметқызын тағайындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық