Тоқаев Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді
Мемлекет басшысы Жеңіс күні құрметіне арналған наградалар туралы тиісті жарлықтарға 8 мамырда қол қойды.
Жеңіс күні қарсаңында Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының қос ардагері – Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Президент тиісті жарлықтарға 8 мамырда қол қойды. Сондай-ақ екі майдангер де ерекше марапат – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерімен марапатталады, деп хабарлайды Orda.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен қаһармандығы, батылдығы мен жанқиярлығы, соғыстан кейінгі мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Қаймолдин Әбдіғалиға «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендері тапсырылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы 30 маусымда Семей облысы, Абралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан 1945 жылдың 9 мамырына дейін Сталинград, 1-Украина, 1-Белорус, 3-Прибалтика майдандары құрамында шайқасты. 1946 жылы маусымда елге оралған.

Қызметтен кейін партия және мемлекеттік органдарда қызмет етті. Қызыл Жұлдыз және 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс шеруінің қатысушысы Иван Степановичке Гапич Халық Қаһарманы» атағы беріліп, ерекше марапат – «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендерімен марапатталды,- делінген хабарламада.
Иван Степанович Гапич 1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты басынан өткеріп, фашистік гарнизондар мен комендатураларды, оқ-дәрілер мен азық-түлік қоймаларын талқандаған отрядтың әскери қимылдарына қатысты.

3-дәрежелі Қызыл Жұлдыз және Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Әскери еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Құрметті қайраткер» төсбелгісімен, прокуратураның І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Құрмет» ордендерімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.
Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруінің қатысушысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық