Тоқаев Үндістан Премьер-Министріне көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті Үндістанда болған теміржол апаты салдарынан көптеген адам қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жіберді.
«Мен Одиша штатындағы Баласоре қаласында көп адамның өмірін қиған жантүршігерлік теміржол апаты туралы қайғылы хабарды қатты өкінішпен қабылдадым. Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан жақындарынан айырылған отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осы қаралы сағатта біз Үндістан халқымен ынтымақтастығымызды қуаттаймыз» делінген Ақорданың Telegram-каналында жарияланған Мемлекет басшысының сөзінен үзіндіде.
Үндістанда Баласор қаласына жақын жерде жолаушылар және жүк пойыздары соқтығысқан апат болды, деп хабарлайды Hindustan Times. Төрт вагон рельстен шығып, аударылып қалды. Жолаушылар пойызы Калькуттадан Ченнайға бет алған. Соңғы мәліметтер бойынша, пойыз апатынан зардап шеккендер саны 288 адамға жеткен. Мыңнан астамы жарақат алды. Құтқару жұмыстары жалғасуда, ал жарияланған сандар түпкілікті емес. Бұл апат Үндістандағы ондаған жылдардан бергі ең көп адам өлімі болып отыр.

Құтқару операциясы жалғасуда, адамдарды іздеуге иісшіл иттер жұмылдырылды. Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 2 миллион рупий (шамамен 24 мың доллар) төлейтінін хабарлады. Зардап шеккендердің әрқайсысына 50 000 рупий (600 доллар) төленеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық