Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Ильинді қызметінен босатты
Сурет ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ильин Юрий Викторович Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ол 2020 жылдан бері осы қызметте.
Мұның немен байланысты екені ашық айтылмаған. Айта кетейік, Абай ауданында бірнеше күннен бері төтенше жағдай сақталып отыр. Мұнда жалпы ауданы 654 мың гектардан астам «Семей орманы» қорығының қалың қарағайлы ормандары өртеніп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт 60 гектардан астам алқапты алып отыр. Өртке байлансты оқиғалары өте тез өрбіді. Орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзіліп, кейін әуеден шолу арқылы үш адамның мәйіті табылғаны белгілі болды. Олар қайтыс болған, бірақ айналадағы өрттің күштілігіне байланысты оларға жақындау мүмкін болмады.
Өңірдегі өртке байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық сапарын тоқтатты. Ақорда Тоқаевтың төтенше жағдай орнына баратынын хабарлады.
Өңірде бір күн бұрын Озер ауылдық округіне қарасты Қаштак, Половинки, Тепқашы және Талица ауылдарының тұрғындарын эвакуациялауға дайындалып жатыр. Барлық эвакуацияланғандарды Семейде қабылдауға орын дайын. Онда 800 адамға дейін сиятын 9 эвакуациялық пункт дайындалды.
Ал, Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіруге еліміздің 8 облысынан құтқарушыларды тарту туралы шешім қабылдады. Өңірге көмекке әскерилер жіберілді. Бүгін таңертең – 10 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жағдай тұрақталғанын айтты. Таңертең 8 әуе десанты мен тартылған күштердің жеке құрамы, соның ішінде Қорғаныс министрлігі өртті сөндіруге кірісті. Бірақ өртті сөндіруге жоғары температура мен желдің екпіні кедергі келтіріп, кей жерлерде секундына 10 метрге дейін соққан жел қиындық тудыруда.
Айта кетейік, бұл министр Ильиннің қызметі кезіндегі екінші ірі өрт. Өткен жылы 2 қыркүйекте Қостанай облысында өрт шықты. Келесі күні жалын жақын маңдағы ауылдарға тарады. Одан кейін 43 мың гектардан астам орман қоры, 108-ге жуық үй мен ғимараттар өртенді. Ал 4 қыркүйекте Қазақстанның тағы бес облысында табиғи өрт шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық