Тоқаев Смайыловтың 2023 жылға арналған жоспарын тыңдады
Сурет: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Әлихан Смайылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылға арналған үкімет қызметінің негізгі бағытының жоспарлары туралы баяндады.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, үкіметтің экономикалық саясаты, оның ішінде инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б.экономиканың салалары туралы жан-жақты баяндалды.
«Әлихан Смайылов реттеудің 44 бағыты бойынша бизнеске кедергі келтіретін 10 мыңға жуық талаптардың күшін жою және қайта қарау, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 миллион адамға дейін арттыру, 4,2 триллион теңгеге 289 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланғанын айтты. 38 мың жұмыс орнын құру, бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысандарды салу туралы ақпарат берді» делінген хабарламада.
Сондай-ақ Смайылов Тоқаевқа «ішкі нарықты отандық өндірілген тауарлармен қанықтыру, азық-түлік қорларының қызметін қайта форматтау, жаңа форматтағы мектептер салу, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, азаматтарды жұмыспен қамту» жоспарлары туралы айтқан.

Премьер-министр экспорттың, нақты жалақының және тұтастай алғанда экономиканың өсуін, сондай-ақ инфляцияның төмендеуін қамтамасыз ететін алдағы жылға республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжады. Тоқаев үкіметке «Сайлау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық жоспарлары мен әлеуметтік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді» тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық