Тоқаев Семей өңірінің қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды
Сурет: Егемен Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген жарияланған құжатта.
Айта кетерлігі, заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты радиациялық ластанған және таза жерлерді бөлу, ластанған аумақтарда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақты қалпына келтіру және полигон жерлерін пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту.
Кешенді экологиялық зерттеу және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бойынша ластанған аумақтарда мамандандырылған аймақ құру жоспарланып отырғаны хабарланды.
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасында қамтылғандар:
1) «радиоактивті ластанудың шамадан тыс ластануына ұшыраған бұрынғы Семей полигоны және оған іргелес аумақ жерлерінде арнайы аймақ – «Семей ядролық қауіпсіздік аймағын» құру;
2) радиоактивті ластану таралуын шектеу;
3) полигон аумағында тарихи қалыптасқан радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және көму арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аумағын қалпына келтіру;
4) Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық