Тоқаев Рим Папасына домбыра сыйлады
Қазақстан президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсіміне қатысты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінің алдында Қорытынды декларация жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев форумның екі күндік жұмысын қорытындылай келе, қазақ жері осы күндері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын атап өтті. Дүниежүзінің беделді дінбасылары осы жерде бір шаңырақтың астына жиналды.
– Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, Съезге арнайы келген діни көшбасшыларға, саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс айтамын. Сондай-ақ форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Рим Папасы Францискке елімізге тарихи сапар жасап, Съезд жұмысына қатысқаны үшін тағы да ризашылығын білдірді.
– Сіздің әлемдік қоғамдастыққа үндеуіңіз бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға үміт пен сенім сыйлады, – деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Съездің қорытынды құжатына ерекше назар аударды. Президент форум қорытындысы бойынша бүгін мазмұнды әрі жан-жақты пысықталған Декларация қабылданатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл маңызды концептуалды құжат іргелі мәселелерді қамтиды және үкіметтерге, саяси көшбасшыларға, халықаралық ұйымдарға бағдар бере алады.
– Біздің ортақ міндетіміз – Декларацияның концептуалды ережелері мен идеяларын дәйекті түрде ілгерілету. Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Құжатта біздің форумның ықпалын одан әрі күшейтудің нақты қадамдары мен кезеңдері қамтылуы керек, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарына сәйкес, Съездің дәйекті қызметін толықтай қолдайтынын атап өтті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық