Тоқаевтың Құлыбаевты не үшін отставкаға жібергені айтылды
Премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұдан былай теңсіздік болмайтыны туралы сөзін түсіндірді.
Бұл туралы Тілеуберді француздық France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтты.
– Бұрынғы президенттің күйеу баласының елеулі қызметтен алынуы президенттің елді басқаруда проблемалар бар деп санайтынының белгісі. Бұрынғы президент пен оның жақын ортасының бұл әрекеті – оның позициясын тұрақсыздандыру үшін атқарған болуы мүмкін, – деді жүргізуші.
Тележүргізушінің айтуынша, президент бірқатар адамдарды қызметінен босатуға мәжбүр болды. Өйткені, олар халықтың наразылығын тудырды.
Өз кезегінде Тілеуберді президентті мұндай шешімдерге ешкім итермелеген жоқ деп жауап берді.
– Тимур Құлыбаев (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының («Атамекен» ҰКП) басшылығынан өз еркімен кетті. Біздің президент бұдан былай байлықта теңсіздікке жол жоқ екенін түсіндірді, – деді ҚР СІМ басшысы.
Сондай-ақ, Тілеубердінің айтуынша, Қазақстан билігі халықаралық қауымдастыққа қаңтар оқиғасы кезінде қарулы содырлар арасында шетелдік лаңкестердің болғаны туралы дәлелдер беруге дайын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық