Тоқаев Қостанай облысында Kia автокөлігі өндірісін іске қосты
Жаңа желі шағын түйінді құрастыру (CKD) әдісімен Kia Sportage автомобильдерін шығаратын болады. Орталық Азия мен ТМД елдерінде Kia шығарудың мұндай технологиясы тек Қазақстанда ғана бар.
Мемлекет басшысы өндіріс орындарын аралап, жас жұмысшылармен әңгімелесті.
— Шынымен, зауыт әсерлі. Өте таза өндіріс, жоғары өндіріс мәдениеті. Жаңа ғана бізге Kia Sportage үлгісін көрсетті. Бұл көліктің сапасы өте жақсы. Сондықтан сұраныс жоғары болады деп ойлаймын. Кәсіпорынды одан әрі кеңейту үшін инвесторлар шақырамыз. Менің ойымша, кәсіпорында алдағы уақытта еш қиындық болмауы керек. Біз жастарды қолдауға үлкен мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті көліктің капотына қолтаңба қалдырды.

Биылдың өзінде Kia Cerato өндірісі үшін CKD желісін іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорын техникалық оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Кадрларды даярлауға жағдай жасау мақсатында оқу орындарының студенттері мен түлектеріне арналған 250 орындық заманауи қалашық құрылысы басталды.

Зауыт басшылығының айтуынша, 2022 жылы 614,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Экспорт 21,5 млрд теңгені құрады. Компанияда 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық