Тоқаев: Қазақтардың өз мемлекеті болмаған деген сөз – біздің тарихымызды бұрмалау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жошы хан» спектакліне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қойылым «Шыңғыс ордасы» мен «Қазақ ордасы» атты екі бөлімнен тұрады. Спектакльде Шыңғыс хан мен ұлы Жошы арасындағы қарым-қатынас, олардың ел басқару ісіндегі қабылдаған шешімдері, өмірінің белгілі кезеңдері кеңінен суреттеледі.
Бұдан бөлек Ұлы даладағы түркі тайпаларын бір ұлысқа біріктіріп, Ұлытауда ордасын тіккен Жошы оғлан бейнесі Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы – Жошы хан дәрежесіне дейін көтеріледі.
Тарихи драманың авторы – белгілі жазушы-драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Мемлекет басшысы қойылымды тамашалаған соң туынды авторымен және актерларға алғыс айтты.
«Құтты болсын! Өте керемет қойылым болды. Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Мұндай туындылар халқымыз үшін қажет деп ойлаймын. Пьесаның тілі, мәтіні өте жақсы жазылған. Әртістердің бәрі жақсы ойнады. Шеберлігі мықты екен. Біздің тарихымызды, тарихи құндылықтарымызды қазіргі таңда халық арасында кеңірек дәріптеуіміз керек. Кейбіреулер қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер айтып жүр. Ол – біздің тарихымызды бұрмалау. Өнерлеріңіз қашанда табысты болсын. Баршаңызға аманшылық тілеймін» деді Тоқаев.
Айта кетейік, президент өнер ордасына ұлттық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық