Тоқаев QazaqGaz басқарма төрағасын қабылдады
Ақорда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев QazaqGaz басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компанияның 2022 жылға арналған қызметі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен газ саласының стратегиялық көзқарасы туралы есебін тыңдады» делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Президентке газ саласындағы реформаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Мемлекет басшысына халықты үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. 2022-2023 жылыту маусымында Қазақстанда газ тұтынудың тарихи шегін тіркеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы туралы ақпарат берілді. QazaqGaz жүзеге асырып жатқан басым инвестициялық жобалардың қатарында Алматыдағы жылу электр орталығына газ құбырын тарту, Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының екінші желісін салу, Мақат-Солтүстік Кавказ газ құбырын кеңейту және т.б. жұмыстар мәлім етілді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысына ұлттық компанияның ресурстық базаны ұлғайту және геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысы туралы баяндалды.
Санжар Жаркешов шығындарды оңтайландыру нәтижесінде жыл соңына дейін ұлттық компанияның қарызы 26 пайызға қысқарғанын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін оны реформалауды жалғастыруды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық