Тоқаев қазақ-қытай қатынасы туралы сұхбат берді

cover

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.

Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама.

Аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар