Тоқаев қанды қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады

cover Сурет: akorda

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте үндеу жариялап, қанды қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады.

— Бізге ұлттық бірлік ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де біздің азаматтар. Олар соттың әділ өтуіне ғана емес, қоғамның да жұмсақтығына үміттенеді, - деді Тоқаев.

Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға мемлекет жазаны жеңілдетті. Заңды бұзғандардың кейбірі өз кінәсін түсініп, өткен істеріне өкінді.

— Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Әрине, рақымшылық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасады деп айыпталғандарға қолданылмайды, - деп қосты президент.

Тоқаев сондай-ақ, елдегі сумен жабдықтау және жылу желілерін жаңартуды тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар