Премьер-Министр Кеңсесі — Үкіметі Аппараты болып қайта құрылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы премьер-министр кеңсесін аппаратқа айналдыру туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) болып қайта құрылсын.
Үкімет Аппараты:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты».
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген қаулыда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық