Тоқаев пен Бердімұхамедовтың кездесуі – президенттер не туралы сөйлесті?
Акорда
Астанада Қазақстан мен Түркіменстан президенттерінің ресми сапары өтіп жатыр.
Бердімұхамедов алғашқы мемлекеттік сапарын Астанаға жасады. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр.
Түркіменстан Президентін қарсы алған Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халықтарын тарихи және туысқандық байланыстар біріктіретінін және бұл қазақ-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
— Түркіменстан Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, біздің шекарамыз ортақ, тарихымыз ортақ. Мәдениет саласында, гуманитарлық байланыстарда және, әрине, экономикалық мүдделерде ортақ тұстарымыз көп, - деді Тоқаев.
Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, оның ішінде энергетика, көлік-логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізге келуге шақырғаны және қазақ жерінде көрсеткен жылы қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.
— Бұл менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарым. Біз бұл сапарды елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең деп санаймыз, - деді Түрікменстан Президенті.
Сондай-ақ, ол биыл дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.
— Осы жылдар ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар кең ауқымда табысты дамып келеді. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді мерейтоймен құттықтағым келеді, – деді Сердар Бердімұхамедов.
Түркіменстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түрікменстан Халық Маслахаты Милли Генгештің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық