Тоқаев Лукашенкомен кездесті
Мемлекет басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК пен ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін Александр Лукашенкоға алғыс айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
– Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылданады, – деді Тоқаев.
Александр Лукашенко саммитке шақырғаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, АӨСШК-ті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін жеткізді.
– АӨСШК ұйымын жаһандық деңгейде дамыта бастағаныңыз өте дұрыс, – деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық