Тоқаев Франция президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады. Изабель Дюмон Франция Президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс етті.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға бағытталған екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
– Өткен жылы 29 қарашада Франция Президентімен өткен кездесуден үлкен әсер алдым. Біз 2 сағаттан астам уақыт бетпе-бет форматында екіжақты қатынастар мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде әңгімелестік. Сондай-ақ халықаралық аренада қалыптасқан ахуал туралы пікір алмастық. Франция – Қазақстанның жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты, сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы рөлін және Францияның экономикалық әлеуетін жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіз 2008 жылғы маусымда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды. Биыл біз осы маңызды құжаттың он бес жылдығын атап өтеміз. Елдеріміз арасында барлық деңгейде белсенді және сенімді саяси диалог орнағанын тағы да атап өткім келеді, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді.
– Бұл сапар экономикалық және саяси ынтымақтастыққа тың серпін береді деп ойлаймын. Екі ел арасында іске асыруды қажет ететін көптеген уағдаластық бар. Қазақстанда француз капиталының үлесі бар 170 кәсіпорын жұмыс істейді және жетекші француз компаниялары қызмет етеді. Біздің экономикамыздағы француз компанияларының қызметіне жан жақты қолдау көрсетіледі, – деді Тоқаев.
Изабель Дюмон Францияның Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Франция Қазақстан Президентінің жүргізіп жатқан реформалар саясатын толық қолдайды. Франция Президентінің Арнаулы өкілі Қазақстанның әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайға қатысты ұстанымына жоғары баға берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық