Тоқаев Еурокомиссия басшысымен әріптестік туралы сөйлесті

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен бейнеконференция байланысы арқылы жүздесті.

«Көшбасшылар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды» деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар