Тоқаев ең ықпалды мұсылмандар тізіміне енді
Аммана корольдік исламдық стратегиялық зерттеулер орталығы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізімін жариялады.
Рейтингте жыл сайынғы қажылықты өткізуге және әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған қажыларға қамқорлық жасауға жауапты Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул-Азиз әл-Сауд бірінші орынға шықты. Оның мұрагері, ханзада Мұхаммед бен Салман рейтингтің 10-шы қатарында орналасқан.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи екінші, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Сани үшінші орын алды. Рейтингте төртінші орынды Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған иеленді. 2017 жылдан бері мемлекетке қарсы мәлімдеме жасағаны үшін түрмеде жалғыз отырған саудиялық теолог және ойшыл Салман әл-Ауданы рейтинг авторлары 12-ші қатарға орналастырды.
Тізімде Қазақстанның екі өкілі – президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген орын алды. Олар тізімге бірінші рет кірді, бірақ үздік 50-ге кіре алмады.
«Димаш – бастан сопраноға дейін кең вокалдық диапазоны бар әнші, ән авторы және мульти-аспапшы. Ол елде де, шетелде де сенсацияға айналды. Өз еліндегі қайырымдылық жұмыстарымен танымал және оның туған қаласы Ақтөбе жақында оған арналған мұражай ашылғанын жариялады» делінген Амман корольдік исламдық стратегиялық зерттеулер орталығының мәтінінде.
Мәтінде Тоқаевтың «бірте-бірте реформаларды жүзеге асырып, елді демократиялық және ашық мемлекетке айналдырып жатқаны» айтылған.
Сондай-ақ Корольдік ислам орталығы жылдың басты оқиғаларын атап өтті. Оның ішінде:
- Қазақстандағы қаңтар оқиғалары;
- ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстанға кіруі;
- Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі;
- Ресейдегі мобилизация, сондай-ақ Ресей азаматтарының әртүрлі елдерге (соның ішінде Қазақстанға) келуі бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық