Тоқаев елімізде АЭС салу мәселесі бойынша пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдап, оның сапары Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз», - деді Тоқаев.
Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.
Рафаэль Гросси ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау үдерісі көшбасшыларының бірі әрі жауапты жақтаушысы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.
«Біз түрлі салада көп істі бірге атқарып келеміз. Денсаулық сақтау саласынан бастап ядролық энергетиканы дамытуға қатысты болашақ бағдарламаңызға дейін көптеген мәселе бойынша Сізбен пікір алмасатыныма өте қуаныштымын», - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық