Тоқаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарын қабылдады
Мемлекет басшысы еліміздің адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тығыз байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрікті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Түрік мырзаның сапары ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтіп, Қазақстанның адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тығыз байланыстар орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.
— Қазақстан БҰҰ-ның барлық негізгі конвенциялары мен хаттамаларын ратификациялады, ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы белсенді өзара іс-қимылдың жұмыс тетіктері құрылды, - деді Президент.
Түрік мырза ұйым мен Қазақстан билігі арасындағы адам құқықтарын қорғау бойынша жылдар бойы қалыптасқан ынтымақтастық деңгейін оң бағап, Тоқаевтың қоғамдық-саяси өмірде бастау алған реформаларының дер кезінде жүргізілгендігін атап өтті.
— Мен соңғы бір жылда Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды бақылап отырдым. Азаматтардың құқықтарын қорғау реформалардың құрамдас бөлігі болғаны маңызды, өйткені бұл елдің болашағына қатысты, - деді Жоғарғы комиссар.
Ол биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толатынын және БҰҰ бұл мерейтойды әлемде қалыптасқан келіспеушіліктерді еңсеру мүмкіндігі ретінде пайдалануды ұсынатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық