Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне  ресми сапармен барды

cover Ақорда

Біріккен Араб Әмірліктерінде Қасым-Жомарт Тоқаевты құрметпен қарсы алды, деп мәлімдеді Ақорда.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізеді. Ақорданың хабарлауынша, екі ел басшылары Қазақстан-Әмірлік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын, басым салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылайды.

Қазақстан Президенті Абу-Даби тұрақты даму апталығы саммитінің жұмысына қатысады, сондай-ақ іскер топ өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар