Тоқаев Азияны келіссөзге шақырып, өзара басқосуға жинады. Президенттік сайлау өршіп тұр. Болат Назарбаев намысын қорғай алды ма?
Астанада осы аптада бірқатар ірі халықаралық саммит өтті. Елордаға бірден 11 елдің басшысы келді. Олардың арасында Ердоған, Путин, Лукашенко, Жапаров, Эмомали Рахмон бар. 13 қазанда АӨСШК саммиті – Азиядағы сенім және қауіпсіздік шаралары жөніндегі кеңес өтті. Әңгіме тақырыбы әралуан болды. Путин әдеттегідей келе жатқан көпполярлылық дәуірі, «алтын миллиард» қастандығы және Батыс ықпалынсыз қаржылық тәуелсіздік туралы айтты. Ердоған Қазақстанға келген соң Instagram парақшасында: «Бабалар жерінде» деп жазды. Ол жоспарланғандай, Путинмен Украинамен бітімге келу туралы сөйлесе алмады.
Жапаров пен Рахмон шекарадағы қақтығыс тақырыбын тікелей талқылауға шығармағанымен, іштегі қыжылын шығара алмай, тістеніп отырды. Іс-шараның барлығы Қазақстан есебінен өтті. АӨСШК толыққанды ұйымға айналса, еліміздің шығыны мен күш-жігері өз жемісін береді, егер олай болмаған күнде, кезекті бос шығын болары анық.
Сайлау жарысы қызып барады. Үш үміткер – Хайрулла Ғабжәлілов, Талғат Ерғалиев, Фатима Бизақова президенттік бәсекеден шеттетілді. Олардың жарыстан шығып қалуын ОСК мемлекеттік қызметтегі тәжірибенің жеткіліксізідігімен түсіндірді.
Нұржан Әлтаевқа «тоқтау» қойылды. Ол емтиханнан өтті, мемлекеттік қызметте тәжрибесі бар. Бірақ өзін ұсынған «Мұқалмас» ұйымы оны қолтаңбаларды бұрмалады деп айыптады. Бұл тұрғыда ОСК өз тергеуін жүргізіп жатыр. Бірақ бәрі біз ойлағандай соншалықты қарапайым және оңай емес - біз бұл жағдай туралы Алтаевтан түсініктеме алдық.
Жусан Нұрсұлтан Назарбаевтан бас тартты. Банк Қазақстанның тұңғыш президентіне тиесілі емес екенін айтып, жалған ақпарат үшін сотқа береміз деп сес көрсетті. Ал, экс-елбасының інісі Болат Назарбаев намысын қорғай білді. «Алматы стекло» компаниясының құрылтайшысы Абдуллаев оны рейдерлік әрекетке барды деп айыптап, сотқа берді. Бірақ отандық сот кіші Назарбаевтың ісінен қылмыс құрамын таппай әлек.
Журналистерге шабуыл жалғасуда. Бұл жолы жол төсеміндегі жазу мен сынған есік түріндегі «ескертулерді» Elmedia редакторы Гүлжан Ерғалиева алды. Біздің редакция да осындай арандатушылықтарға ұшырады. CPJ Журналистерді қорғау комитеті Orda.kz сайтын қорғап мәлімдеме жасады. Ол Қазақстан билігі бізге соңғы кездегі қоқан-лоққыларды жан-жақты тексеруі керек деп мәлімдеді.
Бұл апта қандай оқиғалар болды? Ол немен есте қалады? Біздің шолудан қараңыз.
Жаңалықтар
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
- Тоқаев қазақстандықтарды халықтың бірлігі күнімен құттықтады
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған ақшамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды